Озбайтын ат ұрыншақ,

Ұзамайтын жігіт ұрысқақ.

***

Кесірлі адам кер болады,

Кемеңгер адам кең болады.

***

Адамның мінезі әр түрлі,

Ел біледі нарқыңды.

***

Ұялмайтын бетке,

Талмайтын жақ береді.

***

Бір ағашта қанша бұтақ,

Біреуі ғана қамшыға сап.

***

Шын сүйгендер жоққа шыдар,

Азаптау мен оққа шыдар.

***

Ақындардың айырмасы бар,

Ән мен күйдің қайырмасы бар.

***

Дегбірсіз ат сілкінгіш,

Дегбірсіз ақын жұлқынғыш.

***

Есті кісі ерегіспейді,

Көпшіл адам бөлек ішпейді.

***

Қатты адамда ұят жоқ,

Қайда барса мият жоқ.

***

Қазанат қамшы тигізбейді,

Азамат жоғын білгізбейді.

***

Топастар тойғанға мәз,

Түбін ойлар адамдар аз.

***

Қызың жақсы болса қырымдағы келер,

Ұлың жақсы болса рудағы келер.

***

Бақыт бар деп базарға барма,

Иман бар деп азанға барма.

***

Адал еңбек елдің досы,

Бақ іздеудің жолы осы.

1967