Қордай мен Красногор қатар жатқан,

Ол кезде қосылған жоқ әр тараптан.

«Жамбылды алып кел» деп екі аудан ел

Жұмсады сонда мені екі жақтан.

Райком Степанов машинасын

Берген соң ерінейін енді несін.

Шофері қара жолмен бүрқыратып,

Болғанда жетіп бардық кіші бесін.

Жамбылға сәлемдесіп қүрмет етіп,

Көрген соң алтын жүзін қолын тұтып,

Отар да шақыра кеп отыр екен,

Отарды алсак, дедік сөзбен ұтып.

Таластық үш ауданнық адамдары,

Бәрінің таласқаны Жамбыл кәрі.

Жүргенде көк есекпен көрмеген шал,

Бұл күнде басқан ізі болды дәрі.

Дауластық жүгінісіп Жамбыл қартқа,

Шулаймыз жүре көр деп біздің жаққа,

Жәкеңді ертіп кетсек, сол мәртебе,

Отырмыз жетердей боп бір мұратқа.

Жан-жаққа Жамбыл ата қарап алды,

Сақалын салалап бір тарап алды.

Барамын Қасқарауға Қордайдағы,

Мақұл де қалғандарың тарағанды.

Балалар, өкпелемей, елге барып,

Мен үшін бір тістеңдер қара нанды.

Мақтанып Жәкенді елге алып жүрдік.

Жолшыбай «Тік шырқауға» салып жүрдік.

Жолшыбай шалдың көзін ала беріп,

Шампанға мұрттың шетін малып журдік.

Тойы еді Ұлы Октябрь сол бір кезде,

Ақ жауын құйып тұрды алтын күзде.

Қордайдың кезеңінде алдымыздан

Ақ боран «сәлем» бере шықты бізге.

Қордайдың асуының сайтаны бар,

Аса алмай ақ бораннан қайтары бар.

Екі әйел үрысқанда қарғыстары

«Мұзбелде мұздап өл» деп айтары бар.

Жамбылды қоршап алдық жауратпасқа,

Машина тіреліп тұр бір қой тасқа.

Жартыбай  Сатышпенен  дірілдеп  тұр.

Есендік-саулық тілеп қара басқа!..

Екеуі ант ішеді бұл асудан

Екінші қадам басып құламасқа.

Тұсында түтеген сол әбігердің

Жамбылдын, бір ерлігін тағы кердім.

Бір ауыз сөз  айтпады  тоңса-дағы,

Көрсетіп көсемдігін нағыз ердің.

Боранға қарсы келер қандай мықты,

Ондайда сақтаған жөн сабырлықты.

Дүлейге амал таппай тарыққанда,

Кенет бір алдымыздан дабыр шықты.

Жәкеңді қарсы алғалы шыққан екен,

Шанаға екі торы ат парлап жеккен.

Жүрерде Жамбыл айтты Жартыбайға:

«Қажет, деп, қайрат барда азап шеккен».

Әзілін қосып айтты Сатышқа да,

«Тарыдай тар қазанда шикі бөккен».

«Машина, деді, өрге келді тартып,

Кененнің шөлмек-шыны,затын артып.

Алдымнан ақ бораным қарсы алғанда,

Боп шықты бәрінен де атым артық.»

…Хатшысы райкомньщ үйінде екен,

Үйінде бізді күткен жиында екен.

Алды да суық қолын сығып-сығып,

Қолға алды домбыраны біздіқ Жәкең…

Ж ам бы л:

Атақты Қордай, Сұлутөр,

Жайсаң жайлау, қоңыр жел.

Ұлы Октябрь нұр құйып,

Ие болды еңбекші ел.

Ленин көсем жеткізді,

Ақ алтынды төккізді,

Мал- бастары өркендеп,

Түрлі астық еккізді.

Жарымай жүрген жалшыға,

Жау басынан тепкізді.

Еңіреп жүрген кедейді,

Қозыдай сүтке бөккізді.

Жасасын Ұлы Октябрь!

Көңілден қайғы кеткізді.

Аптадан кейін ақын қайтып кетті,

Халыққа рақметін айтып кетті.

Ат мінді, шапан жапты колхозшылар,

Бұл өңірге өмірінде үш-төрт кепті.

Еліне қайта апардым Жамбыл қартты,

Сыйлады елі-дағы мені қатты.

Кененнің әнін тыңдап қайтамыз деп,

Екейде ел ағылып келіп жатты.