К. Әзірбаев атындағы мемориалды мұражай

Ақынның тұрған жері Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында Кенен Әзірбаевтың құрметіне 1981 жылы мемориалды мұражай ашылған болатын, ол жерде ақынның тұрмыста пайдаланған жеке заттары, жазған кітаптары, өзінің домбырасы және киімдері сақталулы. Мұражайдың алдында ақынның мүрдесі жерленген және ескерткіші орнатылған.