8-МАРТ

Әйелдер теңдік алған күн.

Шаттық әнге салған күн.

Күңшіліктен құтылып,

Қуанышты болған күн.

Қалың малдан азат боп,

Азаптан аман қалған күн.

Ерлермен қатар қызмет қып,

Көңілдері толған күн.

Қызыл тудың астында,

Қыз-келіншек тұрған күн.

Қызыл-жасыл киініп,

Қызық өмір сүрген күн.

Бәйбішенің мойнына,

Күн желкелеп мінген күн.

Жауға қарсы жасанып

Белге қылыш ілген күн.

Ерлерменен бір жүріп,

Талай жауды жеңген күн.

Майдандағы ерлердің,

Орнын басқан әйелдер.

Түрлі завод, өндіріс,

Қайраты асқан әйелдер.

Колхоз бенен совхозда

Ұйымдасқан әйелдер.

Ынтымақты күшейтіп

Үлгі шашқан әйелдер.

1964