ӘЙНІЛ ЖЕҢГЕГЕ

Аман ба, Алтай аға, Әйніл жеңге,

 Жазылды сүйінші бер қайның, жеңге!

 Бұрқылдап ақ самауыр, әзілдескен

Сағындым күрең- қызыл шайды, жеңге.

 Аман ба бала-шағаң күйлі, жайлы,

 Болып жүр қазір қандай жайың, жеңге?!