АҚБОЗ  АТ

Қош, аман бол, боз атым,

Он жыл мінген өз атым.

Мен жүйрікпін дегеннің

Қолтығын талай созатын.

Ерте шапқан жарыстан,

Шулатып кешке озатын,

Боз тұлпарды өлтірген –

Нығмет қандай тозақы?

Қош, аман бол, Аққоян, –

Басыма болған бақ қоян,

Базар, Назар өлгенде

Мінсем көңілім шат қоян.

Отыз қойға алғаным

Қасқараудай елге аян!

1931