АЯЗ АТА

Ескі жылмен қоштастық,

Ұмытпасқа достастық.

Он екі айда атқарған

Табыстарын мақтасып.

Жаңа жылға табыстап

Кетті келмес бел асып,

Келді жаңа құтты жыл,

Еңбек сүйгіш мықты жыл,

Салтанатты сәтті жыл,

Әділ, шындық тәтті жыл –

Жаңа жылдың тұңғышы.

Коммунизм жыл құсы,

Жаңа жылым жайнасын,

Бақшада бұлбұл сайрасын.

Жаңа жыл бақыт жалпыға,

Жер жүзінің халқына.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ шапанын жамылған,

Ақ таяғы қолында.

Сыйлыққа алған сағымнан.

Ақ сақалы желпілдеп,

Жастарды бастап елпілдеп,

Елге қашан жетем деп,

Жел маядай еңкілдеп,

Жердің жүзін аралап,

Айналып мұхит жағалап,

Алдынан шықты ұрпақтар,

Құшақ жая аталап,

Сыйлықтарын қолдағы

Үлестірді балам, – деп

Ұлы совет еліндей,

Бақытты қайдан табам, – деп.

1964