Құрметті оқырман!
Кенен Әзірбаевтың құрметіне арналған сайтқа қош келдіңіз.
Барлық сұрақтар бойынша Байланыс бөліміндегі электронды пошта арқылы хабарласуыңызға болады.
Сайттағы барлық материалдар ақынның жеке мұрағатынан алынған және авторлық құқықпен қорғалған.
Материалды көшіріп басқанда http://azirbayev.kz/ сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс.
Авторлық құқықты сақтаңыз!
«Домбыра – екі ішектен күйін төккен,
Ғасырлар үн қатады бұрынғы өткен.
Қазақтың бүгінгі мен ертеңгісін,
Толғайды тарта білсең мұны еппен.
Домбыра – ақындарға шабыт берген,
Сыр шерткен саусақ басса әрбір пернең.
Үнінде шаттық та бар, қайғы да бар,
Ойласаң қиял жетпес тіпті терең.
Домбыра – бабалардың көзі ғой бұл,
Жамбыл, Кенен, Исаның – өзі ғой бұл,
Атаның мол мұрасын қастерлейік,
Кезекпен бізге жеткен көзі ғой бұл»
Аяз Бетбаев