«КИРОВ»   КОЛХОЗЫНА

Сәлем айтам колхоздың кәрі, жасына,

Еңселі ұрпақтарым баршасына.

Көптен бері көрмеген ардақты елім,

Мен жазылдым, сен өзің, амансың ба?

Жайларың, жеке қоныс құтты болсын,

Өріске мал, қоймаңа алтын толсын.

Көшелерің көркейіп, көркемденіп,

Саясына, сандуғаш бұлбұл қонсын.

Көрнекті үйлер салынып, көзге түсіп,

Тал-теректер, бау-бақша гүлдеп өсіп,

Жаңа жерге жайнаған шат көңілді

 Колхозшылар кеп жатыр күн-түн көшіп.

Қоныстандық Қордайдың сағасына,

Еңбек істеп жетіңдер бағасына!

Алты көше тартылып оқтай түзу

Нұр орнаттың кең байтақ даласына.