КҮБІРТКЕШЕ ЖЕБІРЛЕР
Көрінбей күбірткеше жегіштер бар,
«Қоғамға мен адалмын» дегіштер бар,
Өз құлқынын ойлайтын кейбіреу бар,
Көп ырзығын жеп жүрген «білгіштер» бар.
Ауызбен орақ орған алдамшы бар,
Жағымпаз жатып ішер, жалдамшы бар.
Елгезек ел көзіне ерте түсіп,
Қайтадан ауылға кеп жүрген шығар.
Іші арам, көп көзіне сырты «таза»,
Тапқызбас тал бойынан ешбір жаза,
Бастыққа не қылса да жағып алып,
Бермейді құрғақ сөзбен жұртқа маза.
1955