ҚАЛАСЫН ЛЕНИН

 ҚОРҒАЙМЫЗ

Ленин біздің бабамыз,

Ақылы асқан данамыз.

Ардақты көсем атында,

Ленинград қаламыз.

Сол қалаға көз тіккен,

Дәмесін жаудың қараңыз?

Шендетпестен шеніне,

Көрін оның қазамыз.

Тимес астан дәметкен,

Пасық кеуде фашистер.

Адам түсті айуандар.

Адам етін жегіштер.

Қаласын Ленин қорғаймыз!

Фашистің жолын торлаймыз.

Ұмтылғанын қалаға

Көріне тура жолдаймыз.

1941