ҚАЛТА ҚАҒАР

 

Еңбексіз жалқау,

Қайда деп аңқау,

Ыңғайлы, епті,

Доктордан өтті,

Табады сылтау

Қағазда – сырқау.

Құмары құрту,

Қалтаны тінту.

Киімі таза,

Бермейді маза.

Мекені қала,

Түскені – қалта,

Жапқаны жала.

Ермегі карта,

Қалтасы тоқ,

Ойлары жоқ.

Базарға барды

Тонады, алды.

Бидайын сатқан,

Шал-кемпір тапқан.

Аңқаулар қалды

Бір ұрып санды.

1961