ҚЫРҒЫЗ  БАУЫРЫМА

Дәм-тұзыңды көп татқан қырғыз туған,

Жолың болып оңыңнан жұлдыз туған.

Мал тұрмақ, басым қайғы боп жүргенде,

Қырғыздардың ішінде бір жыл тұрғам.

Қазақ, қырғыз басынан көршілес ел,

Араласып бір жүрген еншілес ел.

Қыз алысып, қыз берген кұда сүйек,

Басынан-ақ аралас, көңілдес ел.

Мәсімхан[1] достым едің, тапқан ақыл,

Сасқанда болып едің нағыз жақын.

Патшаның жендеттерін қуған кезде

Басыма тігіп бердің күрке шатыр.

1916

[1] 1916 жылы Кененді бір жылдай жасырып, аман алып қалған қырғыз досы.