МАЙ ЖЫРЫ

Гүлін шашып жылдағы,

Май күліп келді майысып.

Мекеніне мұндағы,

Қаз, тырна қанат қағысып,

Жыл құстары шулады,

Шаттық ән-күй салысып.

Күннің көзі нұрланды,

Жер құлпырды, ай құшып.

Қосылды оған тыңдағы,

Трактор үні жарысып

Қоғам малы жайылды,

Көктемнің көркі қайысып.

Шопандар мен сақманшы,

Екінші тыңда бақташы,

Малдың басын көбейтіп,

Төл өсіріп мақтаншы.

Жеті жылдық жоспарды

Мүлтіксіз ғып атқаршы.

Жиырма бірінші съездің

Нұсқауын іспен ақташы.

Ет пен сүтін, жүнімен,

Төлін аман сақташы.

Құрметіне май мейрам,

Ұрпақтарым ән салшы.

Коммунисше өмір сүр,

Шұғылалы төксін нұр.

Отан үшін, халық. үшін,

Мен де айтамын ән мен жыр.

1959