МАКСИМ ГОРЬКИЙГЕ

 

Домбырамды қолға алып,

Жүректен жыр толғанып,

Асыл сөз түсті аузыма,

Максим Горькийді еске алып.

Құз басына ұялап,

Сұңқардайын қиялап,

Тап жауына шүйілген,

Қадалған аш бүйірден –

Дауылпаз еді Горькийім.

Дұшпандары бас иген,

Ол жұлдызым – Горькийім.

Досқа – шуақ, жауға – ызғар

Қасында болған көсемнің.

Ол – халықтың түлегі,

Пролетариат – жүрегі,

Әдебиет – тірегі,

Думанға шапқан шын тұлпар,

Горькийді жұрт біледі.

Горький даңқы өрлейді,

Горький сөзі өлмейді.

Еңбегі зор көп елге,

Қалдырып кеткен біздерге,

Ал, көпшілік тыңдаңдар,

Арналған өлең Горькийге!

1940