НЫСАНБАЙҒА АЙТҚАНЫМ
– Ау, Нысанбай, Нысанбай!
Тұр орныңнан біз келдік,
Сараң байға ұқсамай!
Ақын келді әдейі –
Неге көрдің дұшпандай?
Аяғыңнан тартамыз –
Көкке қарай ұшсаң да-ай!
Неғып теріс қарайсың,
Құдай мұнша қысқандай!
Біз бір елдің еркесі –
Мұнша зәрең ұшқандай!
Бас пен малды беріпті,
Қыдыр саған еріпті.
Шық бермейтін Шығайбай,
Мінезі саған келіпті.
Айналада ағайын,
Сенен безе жеріпті.
Арғы атаң Қарынбай,
Сараңдықтан өліпті!
– А, Нысанбай, бері қара!
Ерте келдім үйіңе
Есдәулеттей[1] серікті…
1914
[1] Халық ақыны Есдәулет Қандековты айтады.