СУДЫҢ ДА АТЫ БАР

Көл дейді, өзен дейді, қайнар дейді,

Тұнық су, мөлдір бұлақ сайды өрлейді.

Тұңғиық, тұнба өткел, құдық шыңырау,

Қызыл су, ақ су, көк су, шалқар дейді.

Ащы су, тұщы су мен сары су дейді,

Қара су, қарлы су мен дәрі су дейді.

Атақты дарияларды қоспағанда,

Қасқа су, жер су деп ел дәріптейді.

Суменен қатар жүрген жердің аты,

Жер-сумен байланысты елдің аты.

Түрлі кен, түрлі халық аттары бар,

Қалмайды халық сүйген ердің аты.

Тартылмас ішек қақпай домбыра да,

Ауылды сусыз жерге қондыра ма?

Торқадан тоғыз қабат тон озғанда

Еңбексіз еш адамды оңдыра ма?

1969