ТАҢЫМ АТЫП, КҮН  ШЫҚТЫ

  (Ұлы Октябрьдің 47 жылдығына)

Заман да заман, заманда,

Арғы ата-бабамда,

Ғасырдан ғасыр, ғасырда,

Ел қайғысы басында,

Сол халықтың ішінде,

Мен де бармын жасымда.

Тұманға ел тұншықты,

Күңіреніп үн шықты.

Сол тұманды үркітіп,

Ел бағына ұл шықты.

Ол ұлым – Ленин көсемім.

Сол ұлдан бізге нұр түсті.

Ұлы Октябрь келгелі,

Таңым атып, күн шықты.

Жарлы, жалшы, жалпы жұрт

Байға қарсы тіл шықты.

Ел билемек бізден деп,

Езілген еңіреп құл шықты.

Жерге еркін ие боп,

Шаруа, дихан бұл шықты.

Октябрь еккен бақшама

Жайқалып, жайнап гүл шықты.

1964

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *