УКРАИН ХАЛҚЫНА
Құттықтаймын қуанып
Украин туысқан.
Қазақстан халқынан
Шын жүрекпен ұғысқан.
Украин, ұлы орыс
Ежелден дос боп жуысқан.
Тап күресте тайсалмай,
Тарас бастап алысқан.
Қазақта қаңғып өлсін деп,
Сол жерде азап көрсін деп,
Гурьевке айдаған.
Кісендеп қолын байлаған
Кең пейіл қазақ ішінде
Үгітін айтып сайраған,
Түсінген қазақ халқы да
Әділ Тараз ат қойып
Артынан еріп қалмаған.
Қазақпенен дос болып
Шевченко гүлдей жайнаған.
Ардақты аты ұрпаққа
Үлгі болып арналған.
Әділетсіз заманда,
Ерік бар ма еді адамда.
Келуші еді айдалып
Азап шегіп айналып.
Жаңа заман шағында,
Лениннің заңында,
Еңбекшіл тап дос болды.
Көңілдері қош болды.
Тату жүр екен ер, әйел
Ерікті тұрмыс бос болды.
Қала, дала гүлденді,
Төсекте – бас, төскейде
Ұл-қызымыз бірге өрді,
Ғылым – білім, еңбекті
Бір үйреніп, бір жүрді.
Жасасын онкүндігің
Украин елдері
Жеткен ізгі арманға.
…Орталығы Грузиннің
Тбилисиге барғанда,
Руставели Шотаның
Тойына қонақ болғанда,
Жамбыл менен бір барып,
Кавказ тауын қақ жарып,
Қаратаев, Жароков,
Кузнецов бәріміз
Тамашалап тауларға
Жәкем жырын төккенде,
Түрлі ұлт құрмет еткенде.
Бажан менен Тычина
Әлі есімнен кетпейді.
Жетпіс жылдығына Жамбылдың
Екеуі келіп кеткенде.
Онкүндігі Украинның
Жасай берсін гүлденіп.
Ұл-қыздарым ұрпағым
Өсе берсін түрленіп!..
1966