БАЛУАН ШОЛАҚПЕН                                       

КЕЗДЕСКЕНДЕ

Мен келдім сәлем беріп, батыр аға,

Атағың кең жайылған Сарыарқаға.

Бала едім жаңа талап, іздеп келдім,

Өзіңнен сұрайын деп ақыл, аға.

Атағыңа, ардақты аға, құмар едім,

Нашарға саяң түскен шынар едің,

Қасыңда тоғыз жігіт жолдасың бар,

Жақтырсаң мен де бірге шығар едім.

Көзіңнің қырын салшы, Балуан аға,

Даңқыңыз талай елге барған, аға,

Бала едім жаңа талап ақын-әнші,

Әніңді үйренейін алуан, аға.

1912