БЕСІК ЖЫРЫ

Торғай-торғай торғайсың,

Қолыма неге қонбайсың?

Ақ қар, қызыл аязда,

Қалай ғана тоңбайсың?

Торғай қайда барасың,

Қанатыңның аласын.

Қырғи қуса бейшара,

Бір пәлеге қаласың.

Сылдыр-сылдыр сылдырмақ,

Су ағады сылдырлап.

Торғай, құлдыр-құлдырлап,

Не сөйлейсің былдырлап.

Торғай-торғай тоқылдақ,

Шөптің басын шоқып-ап.

Бөтегесі бұлтиып,

Шықылықтап отырад.

Торғай-торғай торғайсың,

Қолыма неге қонбайсың.

Қолға қонбай сен кетсең,

Қайда барсаң оңбайсың.

Торғай қайда барасың,

Тынбай әнге саласың.

Аяқ асты секектеп,

Қайда кетіп қаласың?

1959