ЕЛІМНІҢ ӨСТІ МЕРЕЙІ

 

Жасыл киді кең далам,

Ырыс, бақыт бір келді.

Сүйсіндіріп көңілімді,

Қазақстан гүлденді.

Көппен бірге қуандым,

Бақытты біздің өмірдің

Шаттығы толып жүрекке,

Толғауы тоқсан күй келді.

Құйқылжытып ән салдым,

Ақ домбыра өңгердім.

Күйік аяқ тауық ем,

Күйсіз мүлде қалып ем,

Ленин бабам данышпан

Қуат берді, дем берді.

Уа, ағайын, ағайын,

Шаттана әнге салайын,

Домбырамды қағайын,

Он бір перне, екі шек

Әшекейлеп тағайын.

Алтын алқа Алатау

Асқарына қарайын.

Халық құты – колхозым,

Көріктенді маңайым.

Халық нұрға бөленді,

Жүрекке шаттық толған соң

Елімнің өсті мерейі.

1935