ЖАЙНАДЫ!
Ертіс пен Жайық арасында,
Алатау мен Алтайдың саясында,
Халық күші қандай-ау!
Тың игерген орнады колхоз, совхоз,
Ұлан байтақ Сарыарқа даласына.
Халық күші қандай-ау!
Қ а й ы р м а с ы:
Жайнады, тыңым, жайнады.
Қарқынды еңбек қайнады.
Құлазыған кең дала,
Гүл бақша боп жайқалды.
Теміртау мен Соколов-Сарыбайға,
Өскемен мен Мырзашөл, Қарсақпайға,
Халық күші кандай-ау!
Тың жайқалып айнала көрік берді,
Қарағанды, Көкшетау, Қостанайға,
Халық күші қандай-ау!
Қ а й ы р м а с ы.
Туысқан ел тың далаға келіп жатыр,
Көмегін қазақ халқы керіп жатыр.
Халық күші қандай-ау!
Тың игеріп, миллиардтан астық беріп,
Отанымның коймасына төгіп жатыр.
Халық күші қандай-ау!
Қ а й ы р м а с ы.
1958