ЖАСТЫҚ ДӘУРЕН,

ҚАЙДАСЫҢ

Қартайғанда, жантайғанда

Ойға түсер қайдағы.

Тау-таудағы, сай-сайдағы

Жастық дәуір ойнағы.

Той-тойдағы, қыр-ойдағы

Жастық шақтың ойнағы.

Қырқа – қыртқыл,  жыра – жықпыл,

Тығылатын жайлары.

Қой күзеткен, бақан тепкен,

               Тың тыңдайтын, қыз ұрлайтын,

Шолпы таққан, сылдыр қаққан,

Ән шырқатқан қыз қайда?

Күн-түн қатқан, азап тартқан,

Құрып қақпан, бұғып жатқан

Асыр салған біз қайда?

Қыз қорыған, біз торыған,

Кемпір-шалдар көлденең,

Сонша аңдысып, аяз қысып,

Қысса да аяз өлмеген.

Соның бәрін тірілтемін

Оңашада мен деген.

Аңсап соны жүре берсем,

Шыққанша жан кеудеден.

1964