ЖЕТПІС БЕС

Бағалады партия алып еске,

Қос орденді қадады кәрі төске,

Ардақты елді аралап ән сап жүріп,

Жеткенімді білмеппін жетпіс беске.

Ортасында халқымның көңілім шат,

Көз жанарым қырағы, құлағым сақ.

Партияның дем берген арқасында,

Отанымды жырлаймын әнге шырқап.

Қартайдым деп жастықты аңсамаймын,

Елім барда талмаймын, шаршамаймын.

Жетпіс бестің шыққанда белесіне,

Шабыттанып, заулатып ән салайын.

1959