Кенен:
Бопина, келіп қалдым тойыңызға,
Қуаныш сыймай келді қойнымызға.
Бір қолқа салдым, міне, қабылдасаң, Қолымды артайын деп мойныңызға.
Б о п и н а:
Қеркемжан ер жетті ме, Кенекем-ай,
Тамаша жүрген жерің, мерекем-ай! Бақытжаның туыпты құтты болсын, Тойымды қызық қылған берекем-ай.
К е н е н:
Кеп отыр жауды жеңіп Жарылғабың,
Он жылдай дерексіз боп табылғаны. Шақырып үш аудан ел той жасадың,
Үйіңде дауласқаның не қылғаның!
Бопина:
Жас келін боп, Кенеке-ау, жүруші едім, Айтарыңды жүректен білуші едім.
Шұбар атпен тебеңді кергенімде,
Жолың тосып көпірде тұрушы едім.
К е н е н:
Көрінер ақ үй сұлу үзігімен,
Көрінер келін сұлу жүзігімен.
Бопина, оның рас, жөніңе кел,
Шықпайсың тоғыз келін тізімінен.
Б о п и н а:
Кенен-ау, ат мінерсіз қара шұбар,
Үстінде ақсақалың жарасылар.
Сөзімді әзіл-қалжың айтсам-дағы,
Өзіңде тоғыз келін таласы бар.
Кенен:
Бопина, әзіліңді білмеймін бе?
Келінмен сіздей ойнап, күлмеймін бе? Көлдегі сен – аққу, қаз, мен – лашын, Қайырып қанатыңды ілмеймін бе?
Б о п и н а:
Кенеке-ау, ат мінерсіз қара көктен,
Жарасар келбетіңе нар жүн шекпен.
Қоялық екеуміз де бұл әзілді,
Хат бар ма Шолпанқүл мен Қыдырбектен?
Кенен:
Бопина, қандай жақсы сүрағаның,
Құлаққа бұл өлеңің ұнағанын.
Хат та жоқ, хабар да жоқ екеуінен,
Жүргенін не тұрмыста біле алмадым.
Б о п и н а:
Кенеке-ау, екі бауырың келсін аман,
Жауды жеңіп, той болса бар ма арман! Осы отырған халқыңның тілегі бар, «Тоғыз келінді айтса» деп шуылдаған.
К е н е н:
Айтайын, айт десеңдер тоғыз келін.
Тоғызға толтырам деп көп іздедім.
Жүргенде өзімсініп кей келінді,
Бұзып кетіп, бозбала зар иледім.
Талай-талай шарт қойдым келіндерге, Келін «кел» деп шақырса ерінем бе! Табаны таймай түрар келін болса,
Келіп-кетіп тұруға әзір мен де.
Жеңге менен балдыздан да келін қызық. Күрең шай келін құйса көзін сүзіп.
Бар ма екен бұл жалғанда ондай ләззәт, Қасында отыра алман денем қызып.
Қайнар көз, қара торы, ақшыл келін, Айтпай білер тіліңді жақсы келін.
Қүрт ішкеидей қүмардан шығар едім,
Бір күн қасып арқамды жатса келін.
Кененнен шал деп күдер үзбе, келін, Табылар деді ме екен іздегенім?
Шабады кәрі тарлан шаршы топта,
Қайтесіз қүнан, дөнен іздегеннен?
Май палау, келін келсе қаймақпенен,
Бура ойнайды қаңтарда тайлақпенен. Жанға жайлы, жайдары болса келін, Еркекке жақсы әйел қайрақ деген.
Келінжан «кен» деген сөз – Кенен деген, Ағаштың ең мықтысы емен деген.
Жетпіске сыр бергем жоқ, сыр сұрасаң, Сексенде де болмайды жүзім төмен.
1944