3 е й н е п:

Жұмысқа шықпайсыз ба, Сұлубике?

Неше жыл еңбек етпей болдың ерке.

Кигенің барқыт, костюм, қыжым пальто

Оранып жатып алмай шәйі көрпе.

Сұлубике:

Жалғыз-ақ сұлу сымбат мен де бар ма?

Жек көрер сұлулықты пенде бар ма?

Қажытпай, қалжыңдамай жайыңа жүр,

Ақындық, Зейнеп, жалғыз сенде бар ма?

3 е й н еп:

Соғыста сіздің ер де, біздің ер де,

Бар ма екен Сұлубике-ау, сенде зерде.

Еңбексіз сұлулықтан түк пайда жоқ,

Тіл алып еңбек тапқьн бізбен бірге.

С ұ л у б и к е:

Ай менен сұлулыққа күндей болсам,

Бұлбұлмен ғашықтығым гүлдей болсам.

Бейнетті Зейнеп істеп, мен ұйықтасам

Үлеске күзді күні бірдей болсам.

3 е й н е п:

Ай менен сұлулыққа күндей болсаң,

Қурайтын үш күн жайнап гүлдей болсаң.

Қала ма қасиетің сүлу бикеш,

Еябексіз ел алдында түндей болсаң.

Сұлубике:

Аспанда жалтылдаған жүлдыз болсам,

Судағы аққу менен құндыз болсам.

Көре алмай күндеп күнің өтер еді

Жаһанда жігіт ғашық үр қыз болсам.

3 е й неп:

Аспаннан ағып түскен жүлдыз болсаң,

Қақпанға қаңғып түскен құндыз болсаң.

Бейіштен бидай іздеп маған келсең,

Тепкілеп қуар едім үр қыз болсаң.

Сұлубике:

Аспанда періште мен пері болсам,

Жалғанда  жүмыс қылмай  сері  болсам.

Зейнептей бір тебетін бригадіні

Арыстан, көкжал барақ бөрі болсам.

3 е й н е п:

Жоқ нәрсе періште мен пері деген,

Арыстан жыртқыш аң ғой бөріменен.

Атпен қуып ауызға қан жалатып

Ілермін тірсегіңді теріңменен.

Сұлубике:

Алмаймын жұмыс қылып сенен астык,

Қолыңнан келсе, Зейнеп, істе қастық.

Шарап пен қызыл шайды жөндеп берсем,

Береді еңбек жазып колхоз бастық.

3 ей неп:

Бола ма соның, Бике, адал еңбек,

Жалынған — түбі борыш арам еңбек.

Колхоздың басқармасы түсіп қалса

Қалмай ма балаларың босқа еңіреп.

С ұ л у б и к е:

Шығамын бастық түссе бір себепке,

Қызыл шай, кім келмейді қызыл бетке.

«Бригадім» қарсы болса меніменен

Еңбексіз тастамайды сельсовет те.

Зей неп:

Сельсовет еңбек берсе сеспей кетер,

Сұлуға қош-аман бол деспей кетер.

Әр кетер, май таусылар, киім тозар,

Халыққа қадірсіз боп жүрме бекер.

Сұлубике:

Соңыма мұнша неге түстің, Зейнеп,

Сенен мен сұрадым ба тамақ, көйлек?

Жүруші ем сұлулықтан пайдаланып

Кіруші ем сан кеңсеге еркін сөйлеп.

3 е й н е п:

Әй, Бике, еқбек тапсаң көп бола ма,

Тамағьң істемесең тоқ бола ма?

Сұлулық қар суындай тез құриды,

Білмесең достығымды өкпелеме.

Сұлубике:

Әй, Зейнеп, сұлулығым көре алмайсың,

Мен құсап жолың тауып жүре алмайсың.

Дегенге стахановшы мәз боп жүріп,

Болдырып өлгеніңді біле алмайсың.

3 е й н е п:

Әй, сулу, сенің күніңді итке берсін,

Бір күні бармақ тістеп күйінерсің.

Соғыстан байың келіп басқа тепсе

Колхоздан қайыр сұрап күн көрерсің.

Сұлубике:

Күн өшпес, су суалмас, сұлу өлмес,

Білмейсің ғашық жайын сен жарымес.

Ойнаған, күлгенімді көре алмайсың,

Тапқанын менің ерім саған бермес,

3 е й н е п:

Ал десе ұшқыр құнан аттан озған,

Еңбексіз ерке әйел шілдей тозған.

Сенем деп құр күлкіге қор боларсың,

Кем болған қатарынан сен бір жазған.

Сұлубике:

Сұлулық қалада ма, далада ма,

Болмаса төреде ме, қарада ма?

Сүлуға қаладағы жұмыс қылғыз,

Зейнепжан  жалғыз  маған жалаңдама.

3ейнеп:

Сүлудың қаладағы жұмысы көп,

Заводта,  кеңседе істеп тыныштық жоқ.

Қаланың халқы қарап жүр дейсің бе,

Еңбексіз сенен басқа бір кісі жоқ.

Сұлубике:

Жалғанда жалқау бар ма менен басқа,

Айтпайды еңбек тап деп сенен басқа,

Зейнетай, жұмыс қыл деп қыстамағын

Қасардым соттасаң да тіл алмасқа.

3 ейн еп:

Жалқауды қорқытпаймын, үгіттеймін.

Ешкімді соттайды деп үркітпеймін.

Ақыры достығымды бір білерсің.

Түсініп жұмыс қылсаң кейін-кейін.

Сұлубике:

Колхоздан еңбек тауып көргенім жоқ,

Сұлулық арқасында тамағым тоқ.

Көзімді көрінгенге қысып қойсам

Болады тұрмыс түгел, көйлегім көк.

3 ейнеп:

Сұлулық тілімді алсаң еңбекте тұр,

Ертерек елдің жауын жеңбекте тұр.

Әйелге сеніп отыр Үлы Отаным,

Соғыста Отан үшін еркектер жүр.

Кім сұлу, осы күнде еңбек сұлу,

Отанның жауын құртып, жеңбек сұлу.

Кемпір-шал, жас балалар еңбек қып жүр

Ұят қой жалғыз саған қарап тұру.

С ұ л у б и к е:

Әй, Зейнеп, мазамды алдың күнде келіп,

Ұйқымды шайдай аштың түнде келіп.

Комбайыншы, дүкенші, ферма бастық,

Тұрады керегімнің бәрін беріп.

3 е й н еп:

Ау, сұлу, бұл мінезің бәрі теріс,

Бұл істеп жүргеніңнің бәрі керіс,

Түбінде  бармақ  тістеп,  бас  шайқарсың,

Онан да ұлы Отанға көмек беріс.

Жатқаннан үйде жалғыз еңбек қызық,

Айдасам трактормен жерді бұзып.

Сауық та, ойын-күлкі көп ішінде

Қол жайып тұрған жаман, көзді сүзіп.

Сұлубике:

Бола ма жан қиналса үйде сауық,

Жұмыстан келгеніңде есің ауып.

Зейнеп-ау, жаздай тапқан еңбегіңнен,

Үш есе артық еңбек алам тауып.

3 ей н еп:

Әй, Бике, жүр баралық қос басына,

Күлипа, көрсін сені іс басьнда.

Нұрқиса, Құлжан да жүр еңбек етіп,

Солардан сендей жалқау нүсқа алсын да.

Өтірік сөз айтпайды, шын большевик,

Жалқауды түзетеді, сын, большевик.

Жақында жауды қүртып той тойлаймыз.

Бикеш-ау, көрсетелік біз де кемек.

Сұлубике:

Зейнепжан, қоямысың жанымды енді,

Айтқаның бәрі де рас дәлелді енді.

Түс көрдім бүгін түнде бір қуаныш,

Жарқылдап, жауды жеңіп байым келді.

3 е й н еп:

Жақсы екен көрген түсің, байың келер,

Отанның қызыл ерлер жауын жеңер.

Түсінсең, Сұлубике, жеңілдім деп

Тұра кеп көп алдында қолыңды бер.

Орнынан сонда Бике тұрып келді,

Көпшілік ду шапалақ ұрып берді.

Зейнепжан, мен жеңілдім, сен жеңдің деп
Жұмысқа білек түріп кірісті енді.

Сөйледі Зейнеп сонда елге тұрып,

Қарсы алдып колхозшылар қолын ұрып.

Колхозшы, колхозшы әйел, тыңдаңыздар,
Мен-дағы еңбекке енді бердім ырық.

Орнынан қол көтеріп тұрды Бикеш,

Мойынын аққудай боп иді Бикеш.

Берсең де қандай міндет атқарамын,

Көпшілік неше жылғы өкпеңді кеш.

Кештік деп сұлуларды қалың халық

Келген соң бригадирдің тілін алып.

Сұқсырдай Сұлубике жер айдады,

Гүрлетіп тракторге мініп алып.

Сүлудың күннен-күнге еңбегі асты,

Қайраты халық алдыкда судай тасты.

Қасқайып, күрек тісін, қасын керіп,

Еңбегі сұлулыкда құп жарасты.

Сүлудьщ бойы сұңғақ құмырысқа бел.

Шаштарын желпілдетіп таң шолпан жел,

Нормасын үш есе артық орындап жүр

Бикештен үлгі ала көр жалқау әйел.

Шынығып Сүлубике қатып алды,

Еқбектің асыл дәмін татып алды.

Көп еңбек көркіменен қосылған соң

Алтындай ақ маңдайы жалтылдады.

Меңгеріп жүргізем деп тракторды,

Ұқпайтын түрлі винтін сұрап білді.

Дос болып Зейнеппенен ойнап-күліп,

Жоғал деп жалқаулықты лақтырды.

Жарасты сұлулығы еңбекпенен,

Атанды стахановшы қыз қүрметпенен.

Аққудай мойнын иіп шалқардағы,

Шынардай шатқалдағы қол жетпеген.

Әйелдер Март мейрамын тойлап алып,

Клубта сауықтарын ойнап алып.

Егіске көктем науқан жүрді, Бике

Гүрлетіп тракторын айдап алып.

Айтысын екі әйелдің көзбен көрдім,

Бір баттым қызығына келіндердің.

Өлеңін екеуінің жазып алып,

Көрсін деп көпшілікке мен жібердім.

1943