1969 жылы халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаев қайтыс
болып, бұл хабарды Кененге естіртуге ақын Әсімхан Қосбасаров келеді.
Әсімхан:
Мен келдім Қордай аудан Кировіне,
Ақынның ішіндегі жүйрігіне.
Үмбетәлі екеуің тең өсіп ең,
Кеп тұрмын Үмбет жайын білдіруге.
Ән қосқан бозторғайға Кенен едің,
Өлеқ мен домбыраньщ кемелі едің.
Айтпай-ақ ендігісін түсінерсіз,
Қолайсыз бір жүмыспен келген едім.
Кенен мен Үмбетәлі қарттарымыз,
Жамбыл мен Сүйімбайға тартқаныңыз.
Кешегі бала күнің ойыңда ма,
Айқасып бір төсекте жатқаныңыз.
Домбыра сіздер алған мен де ұстадым,
Ақынсыз болмасын деп арт жағыңыз.
Сол Үмбет қайтыс болды өткен кеште,
Түс ауа демі бітіп сағат бесте.
Көзінін, тірісінде тапсырып ед
Кенендей сәлем айт деп тетелеске.
Аттанды бүл дүниеден Үмбетәлің,
Қеп тұрмын сол хабарды салғалы еске.
Сонда Кенен:
«Қайран Үмбетәлі!.. Қазакта төкпе жырдың
бір бүлағы кеміп қалды-ау!» деп, қамығып
қолына домбырасын алады.
Сайрағаи Алатаудың бұлбүлы едің,
Арыны басылмаған дүлдүл едің.
Сүрінген қапылыста, асыл Үмбет,
Ақынға әрбір сөзі үлгілі едің.
Жасыңнан даңқың шыққан Үмбет едің,
Жеріңе жүрген-түрған міндет едің.
Түлкі қуған қияда қырандай-ақ
Апарып өз ініне індететін.
Жорғаңды салдырушы ең талай топқа,
Түсуші ең айтыс десе жанған отқа.
Топырақ саған барып сала алмадым,
Кездестің сырқау болып халім жоқта.
Кәрілік біздерге де келіп қалды,
Басылып су сепкендей желік қалды.
Тең өскен Жетісуда Үмбетәлі ең,
Өлеңнің бір бастауы кеміп қалды.
Доқтырдан бес күн болды келгеніме,
Қайтарды дәрі беріп емдеді де.
«Қара жорға» деуші еді Жамбыл марқұм,
Жорғаны сүм ажалдың жеңгені ме?
Шіркін-ай, қуат барда талай рет,
Жарап ек көпшіліктің ермегіне.
Несіне оның бәрін тәптіштейін,
Ақыннан саған қайда тең келуге.
Сене алмай дал-дал болып мен отырмын,
Сенді не, амал қанша, сенбеді не…
Шырағым Әсімханжан, ризамын,
Қастектен ат терлетіп келгеніңе.
Мен-дағы ауру шалдың бірі болдым,
Білмеймін кәріліктің жеңгені ме.
Қазіргі Кененіңнің халі осындай,
Сүраған дүғай сәлем елдеріңе.
1969