Кенен:
Ақынның асқан алыбы,
Халықтың болған жарығы,
Сәлем бердік о, Жәке,
Мәскеу барып қайтқанда,
Кеудеңе орден таққанда,
Шаршап келіп тынығып,
Өз үйіңде жатқанда,
Арнайы келдім о, Жәке,
Орденіңді құттықтап,
Қуанғаннан кеп едім.
Көрісейін деп едім!
Тәуірмісің о, Жәке,
Отан қамын тіледің,
Халық үшін жүрегің,
Көсемге теңеу таптың ба,
Ақылы дана зерегім?
Жамбыл:
Сәлем беріп келіпсің,
Рахмет, Кененім.
Осы аурудан жазылып,
Ел көрем бе деп едім.
Тәуір болдым, шүкірлік,
Қөңілімді демедің.
«Жаңа заңға» шырқашы,
Сағындым ғой, Кененім!
1934