X а л ы қ  а қ ы н:

Бүғы-сайлы елден келдім,

Қошқар-жұмқал жерден келдім.

Ата Сізді ұққанменен,

Алтын жүзіңді көрмеп едім,

Шертпегімді тағынып келдім.

Сірә болмаса нағылып келдім.

Қазақ пен қырғыз туысқан

Өмілдірік-құйысқан.

Кенехан мен Орманхан

Надандықтан ұрысқан.

Мынау жорға ат әкелдік,

Ер-тұрманын сап келдік.

Жамбыл ата, мініп ал,

Белге домбыра іліп ал.

Достық жолды біліп ал.

Тоқсанда торқа орандың,

Мәскеу барып нұр алдың.

Ақ қалпақты қырғыздын,

Атынан сәлем жырладым.

Құтты болсьш тойыңыз

Халық ініңнен қол алғын.

Ә л і м құл  а қ ы н:

Ау, Жамбыл, алып атамыз.

Саяңызда жатамыз.

Тоқсанда топтан озғанға

Құтты болсын айтамыз.

Жамбыл ата-бабамыз

Біз де сізге баламыз.

Тоқтағұлдың атынан

Бүлғын ішік жабамыз.

Ақ қалпағын киіп ап,

Айнаменен қараңыз.

Бізді өзіңе санаңыз.

Сізден үлгі аламыз.

Қазақ, қырғыз бауырлас,

Қатар жатқан ауылдас.

Бірге кешіп, бір ішіп,

Бір ниетіңе үйымдас.

Қызды беріп, қыз алып,

Құлай сүйсе қарындас,

Берекелі «бесбармақ»,

Аулымыздан айрылмас,

Киген киім кең етек,

Мінген аты бауырлас,

Ата Жамбыл, риза бол,

Тойға жырым асыл тас!