КЕНЕННІҢ КӨЗІ – БАҚЫТЖАН КЕНЕНҰЛЫНЫҢ СЫР СҰХБАТЫНАН

Қазақ халқын қынадай қырып кеткен небір нәубеттердің, тарихи оқиғалардың бел ортасында өмір сүрген, әйгілі халық ақынының бірі – Кенен Әзірбаев. Еліміздің түкпір-түкпірінде көңілді мың түрлі күйге бөлеп, дарқан даланы асқақ әнімен тербеткен, сөз маржанынан асыл ойлар тұндырып, телегей теңіз жыр тудырған таланттың 140 жылдығы қарсаңында бірқатар шаралар жоспарланып отыр.
– Бақытжан Кененұлы, екі ғасырдың куәсі Кенен Әзірбаев ел басына күн туған заманда жұртының қайғы-қасіретін шығармашылығына арқау етіп, өмірін халқының мұңын мұңдауға, жоғын жоқтауға арнады емес пе?
– Әкемнің өмірі – өз халқының өмірімен, тағдыры – өз елінің тағдырымен тығыз байланыста болды. Ол ескінің соңы, жаңаның басы болған ежелгі замандардан келе жатқан жыраулар дәстүрін жаңғыртып, оған жаңа мазмұн, жаңа сипат берді. Суырып-салма ақын ретінде ұлы Жамбылдың ең үздік шәкіртіне айналды. Сөйтіп, ұстазының жыраулық, жыршылық, ақындық мектебінен өтті

Кененнің көзі (soltustikkaz.kz)