ӘЛИ БАТЫРДЫҢ ТАСҚА

ЖАЗҒАНЫ

Ер басы ат басымен қайда қалмас,

Ер жігіт елі үшін қайда бармас.

Үй қылып, қара үңгірді алты ай жаттым,

Куә бол кейінгі елге нән қара тас.

Қор болдың қатын, балам жастай қалып,

Ағайын менің үшін тарттың айып.

Қырар ем елдің жауын қару болса,

Атойлап қалың қолмен қанат жайып.

Үңгірді жаңғыртамын күңіреніп,

Жаралы арыстандай еңіреніп,

Ноғайбай, Қалиасқар бауырларым,

Қолынан жауыздардың кетті-ау өліп.

1939