АҢДАР АТЫ
Аңдардың атақтысы арыстан-ды,
Жем етер аю, қабылан, алысқанды.
Жолбарыс жауын көріп белдескенде,
Шайнайды қаршылдатып қарысқанды.
Күштілерін көргенде аң мен мал да,
Қашады жан сауғалап жыртқыштардан.
Сілеусін, барыс, қасқыр қас жаулары,
Қу түлкі, мысық бәрі алман-жалман.
Момын аң: арқар, құлжа, бұғы, марал.
Болмайды тау ешкіде ешбір залал,
Еліктер, қара құйрық, құлан, бөкен
Пайдалы адамдарға еті адал.
Бұлғын, жанат, сусар мен құндыз, тиін,
Алтай түлкі, қасқыр мен асыл киім.
Қазақстан жерінде барлық аңдар,
Сән-салтанат қымбатты үйге бұйым.
Қосаяқ, суыр менен қарсақ, борсық,
Қоян байғұс бұғады күндіз қорқып.
Қасқа күзен, сары тышқан, байбақ ұлу
Таң атқанда жылайды дауысын қосып…
1969