ӘНІМ ҚАЛСЫН
Мал да сол, байлық та сол әнім болса,
Әніме жарастықты сәнім болса.
Келгенде құрбы-құрдас, сыйлы қонақ,
Күтетін жарқын жүзді жарым болса.
Біле ме түсінбеген әннің парқын,
Ән үні естіледі оған салқын.
Жүрсем де сабау қамшы, салт атты боп,
Таралған ел ішіне әнім қалсын.
1931