АТТАН
Патшадан әділетсіз келді жарлық.
Орнынан естіген жұрт тұрды қарғып.
Ел көнбей бұл зорлыққа көтерілді,
Болсын деп ел жолында ер құрбандық.
Аттаныңдар-ау!
Ел-жұртым, бас қосалық, аттаналық,
Әлидің жасағына саптаналық.
Қорлықтан да соғысып өлген артық,
Патшадан кегімізді ап қалалық.
Аттаныңдар-ау!
1916