БАТА

Келіндер, жай қолыңды бата берем,

Мен-дағы сыйлай берсең жата берем.

Көгерсін көсегең,

Көп болсын төсегің,

Жаялық жайғанда

Кеппесін неше күн.

Сұлулық еңбекте,

Еңбектен өнбекте.

Қосағың, серігің,

Адал бол еркекке.

Қосылған жарыңның

Көзіне шөп салма.

Абырой, арыңның

Бетіне дерт салма.

Қиынын бер де,

Қисыны кел де,

Қолда барыңа,

Береке бер де!

1959