БІР ҚИЯЛ

Жасымнан-ақ қиялшыл, ойшыл едім,

 Қарамай ат-тоныма тойшыл едім.

Қорласа құрбыларым қу жетім деп,

Тұра сап төбелескен қойшы едім.

Өлеңді бір ойладым, тастайын деп,

Қартайғанда несіне қақсайын деп.

Бұл қиялым кеселдің кесірі екен,

Жазылған соң отырмын бастайын еп.

Ойлап ем домбырамды тартпайын деп,

Ән шығарып өлең, жыр айтпайын деп.

Ақ домбырам түсімде мазамды алды,

Он бір жастан жолдасым,

  «Қайтпаймын!» деп.

1940