БОЛАТ ТҰЯҚ ТҰЛПАРЫМ

 

Арнадым осы әнімді темір жолға,

Шақ келмес тау менен тас бұл тұлпарға.

 Өр, ылди, өзен, дария бөгеу болмас,

Таймайды болат тұяқ қия жарға.

Тамағы – от, сусыны-су біздің тұлпар,

Желгенде тау жаңғырып, жер солқылдар.

Қос көзі, күндік жерді жарық қылып,

Қанат талып – қарлығаш кейін қалар.

Күн-түні бірдей жортып тоқтамайды,

Жылқыдай жем-шөпті жеп оттамайды.

Болмайды ауыр, жеңіл артқан жүгі,

Бір аймақ бір-ақ кешсе көп болмайды.

Тамаша қайда барсаң болат дүлдүл,

 Ішінде әнші, күйші сайрап бұлбұл.

Аралап қысы, жазы ұлы Отанды,

Бақытты ұрпақтарым, ойна да күл.

1929