БҰЛБҰЛҒА

Ей, бұлбұл, сен де бұлбұл, мен де бұлбұл,

Қаңғыртқан екеумізді патша құрғыр.

Айрылып ел мен жерден жүрген шақта,

Жұбатып ертелі кеш сайра да тұр.

Қайырмасы.

Алатау аңсадым-ау самал лебін,

Қордайдың көкседім-ау, шіркін-ай,

                                        қоңыр желін.

Ер жігіт шетте жүрген ел сағынар,

Елден соң туып өскен жер сағынар.

Туған жер, өскен халқым орның бөлек,

Сыйласар қырғыздан да ел табылар.

Қайырмасы.

Ер жігіт тірі шақта нені көрмес,

Ер болса қасіретке бойын бермес.

«Ел кегі жауға кетпес» деген бар ғой,

Дегенге кек қайтпайды көңіл сенбес.

Қайырмасы.

1916