ЕНДІ СОҒЫС БОЛМАСЫН

Жер жүзінде еңбекші ел

Тыныштықты тілейді.

Өткен соғысты ойласа,

Ұшырады үрейді.

Ішкен, жеген ірің боп,

Кәрі мен жас жүдейді.

Ұл-қызының қамы үшін,

Ата-ана көзін ілмейді.

Соғыстың көрген зардабын,

Тауыспан айтса арманын.

Жан сүйерден айрылып,

Тістеген халық бармағын.

Жалғызынан ажырап,

Күні-түні аңырап,

Талайдың көрдік қалғанын.

Адал жардан айырылып,

Қан түкіріп қайғырып.

Бауырластан халық боздады.

Талай ару зарладың,

Жақын достан айрылып,

Жанның көбі сорлады.

Қарындастан айырылып,

Қара тұман орнады.

Талай қыршын жігіттер,

Талай тұлпар жүйріктер,

Талай асыл мүліктер,

Талай, талай сүйікті ел,

Талай туған құтты жер,

Топырағы түкті жер.

Кесірі тиіп соғыстың,

Көздің жасы толған көл.

Соғыс құмар капитал,

Бізден қылып үміткер,

Отан үшін жан қиды,

Талай ұрпақ жауынгер.

Көздің жасын қылды сел,

Артында қалған ата-ана,

Қарс айырылып жүрегі,

Күдерін үзбей әлі жүр.

Жеңемін деп желіккен,

Жер қапты жауыз Гитлер,

Келмеске кетті жендеттер.

Жеңіп шықты қызыл ер.

Енді соғыс болмасын,

Бейбітшілік орнасын!

1965