КИРОВ КЕЛГЕНДЕ
Кировтай ерім келгенде,
Аралап елді көргенде,
Ленин дана шәкірті,
Жұртқа жоба бергенде,
Жетісуда өкіл боп,
Ел жағдайын білгенде,
Ұзынағаш, Қордайда,
Алматыда жүргенде,
Халықпен бірге қарсы алып,
Арнап едім жыр мен де.
…Колхоз-совхоз құрылып,
Ие болған жерімді.
Ұйымдасқан кедей тап,
Шығарды бітік егінді.
Сол жылы көрдім Кировтай
Асыл туған ерімді.
…Ардақтап атын Кировтың
Халық болып қаулы алды.
«Кіндіктас» пен «Иірсу»
«Партсъезд» колхоз қосылып,
«Киров» болып атанды.
1934