КӨК ДҮЛДҮЛ
Су жаңа көк дүлдүлді қартайғанда,
Туған ел сыйға берді, той болғанда.
«Бозторғай» әнін шырқап, құттықтап тұр:
«Зарлаған қойшы Кенен арман бар ма?»
Мінгенім желден жүйрік дүлдүл болды,
Кигенім торғын-торқа күлгін болды.
Бастаған партияның арқасында,
Сыйлаған құшақ тола гүл-гүл болды.
Айтамын Отан үшін ән мен жырды,
Қартаймай жырлай берем мына күнді,
Жеткенде жетпіс беске жігерленіп,
Орнына Көкшолақтың дүлдүл міндім.
1959