КӨПШІЛІК  КӨРСІН  ӘНІМДІ

Мен өзім Дулат деген елден келдім,

Көлқопа, Қордай деген жерден келдім.

Жас бала жаңа талап мен бір қойшы,

Туғалы мұндай жиын көрмеп едім.

Қ а й ы р м а с ы:

Кебекбай, Ноғайбай,

Ақын болу оңай ма-ай

Көпшілік көрсін әнімді-ай!

Мен өзім інісі едім Сарбастың,

Он жаста ел тойына араластым.

Өлерде мені Сарбас шақырып ап,

Тапсырды аманат деп домбырасын.

Мен өзім жол көрмеген ақын едім,

Атақты ақын Сарбастың жақыны едім.

Өнерім өр қияға алып ұшты,

Астында алты уықтың жатыр едім.

Қ а й ы р м а с ы.