КҮНШІЛДЕРГЕ

Халқым сүйер қадірлеп,

Кәрі, жасы бәрі кеп.

Ел-жұрт мені мақтаса –

Кейбір күншіл даттайды.

Халқым мені жақтаса –

Күншіл сырттай оттайды.

Оттап қана қоймайды.

Бес қаруын оқтайды.

Қаңқылынан қарғаның

Қорқып Кенен ықпайды,

Сауығы болған әрдайым

Ақынын халқым сақтайды.

1957