ҚЫРҒЫЗ ДОСТАРЫМА

Дұғай сәлем жалпыңа,

Қырғыз туған халқына.

Дала менен қаласы,

Жасы менен қартына.

Қатар жатқан қадірлес,

Қазақ, қырғыз парқына.

Екі өркеші түйенің,

Екі емшегі биенің.

Ақ қалпақты қырғыздың

Ата-тегін білемін.

Әлімқұл мен Оспанқұл,

Тойға келгін жиенім.

Шертпегіңді шерте кел,

Тағып ішек-тиегін.

Бәйге атыңды ала кел,

Жақсы әніңді сала кел,

Балуаныңды баға кел,

Әріптесіңді таба кел,

Жетпістен асқан жасында

Нағашыңа баға бер!

1959