ЛЕНИН НҰРЫ
Олай жазсам ұнай ма,
Бұлай жазсам ұнай ма,
Теңеп айтсам қайтеді,
Көсемімді күн, айға?
Күн мен айдан ел, бірақ,
Барып ақыл сұрай ма?
Ленинше күн мен ай
Езілген елді жарылқап,
Ұйым етіп құрай ма?
Ай менен күн дегенің
Аспанда тұрған бір айна.
Айна қайдан тең болсын
Көсемге біткен шырайға.
Күн сәулесін байқасам,
Көпке бірдей жетпейді,
Алатаудың басынан
Кәрі қар неге кетпейді?
Ай сәулесін байқасам,
Алалап түсер беткейді.
Ай, күн, шолпан – бәрі де
Ленинге жетпейді.
Ленин нұры – бақыт нұр,
Дүние гүлдей көктейді.
1937