МИЛЛИАРДТЫ ҚҰТТЫҚТАУ

Қарт ақын домбырасын толғамай ма?

Ел-жұртын үйде отырып болжамай ма?

Ауданын, облысын, ауылдарын,

Жарыстан озса екен деп ойламай ма?

Жоспарды мезгілімен орындаса,

Сондықтан құттықтау жыр толғамай ма?

Айтысқа ақындармен түсе қалса,

Алды-артын аузын буып торламай ма?

Еңбектен ел-жұртым озып тұрса,

Алтынға қойны-қоншы толып тұрса,

Ұл-қызым, ұрпақтарым еңбек сүйгіш,

Жұмысқа қайрат-күші қозып тұрса.

Үлгі алып жүлдегер мен озаттардан,

Жалпы жұрт соған қолын созып тұрса,

Ер-әйел, кәрі мен жас ұйымдасып,

Жарыстан жазбай жолы болып тұрса.

 Мал өсіп, бас өркендеп, еңбек жанып,

 Қоймасын Ұлы Отанның толықтырса,

Құттықтап Қазақстан миллиардын,

Жамбылым миллиондарын төгіп тұрса,

Сексенге сыр бермейін, ән шырқайын,

Шамшырақ диқаншылар озып тұрса.

1966