НҰРМАҚАНҒА

Сен өзің ақын балам Шоқпардағы,

Құнандай озып жүрген көкпардағы.

Белгілі әуел бастан ат болар тай,

Желіге байлап қойған көк саздағы.

Көктерек пен аман ба Шудың елі,

Басы Қордай, аяғы нудың елі,

Еңбегімен ер-әйел атақ алған,

Желпілдеген жері алтын тудың елі.

Қара бұлақ бас жағы, аяғы Арқа,

Бетпақдала мал жайған нұрдың елі.

Бас пен малы тел өскен су жағалай,

Көркемделіп бақ құрақ сәнді үйлері.

Тауы, тасы, даласы мыңғырған мал,

Түрлі егіс, бау-бақша көлдің елі.