НЫҒМЕТТІ ЖОҚТАУ
Інім едің, Нығмет, төрде отырған.
Қол жетпейтін алмадай өрде отырған,
Қазан желі ұрғандай жерге түстің
Оқ тигендей аққуға көлде тұрған.
Қайтыс болдың мезгілсіз, қайран бауырым,
Құлағандай болдың-ау асқар тауым.
Қасқа жолмен Сұлутөр жайлауында,
Жататын ән шырқатып ауылыңда.
Жастайыңнан ел көрмей кеп оқыдың,
Сауранбайдай кедейден алты ұл тудың.
Талаптанып, талпынып білім алдың,
Қатарыңмен өнерпаз бірге жүрдің.
Аңырап, боздап амалсыз анаң қалды,
Елің шулап, ағайын, балаң қалды.
Жекжатың мен ел-жұртың күңіреніп,
Отыратын орныңнан таба алмады.
1959