ӨТЕДІ-АУ, ӨМІР
Өте шығар өмірің жел соққандай,
Жетпістің басы келіп, желтоқсандай.
Шіркін-ай, өтеді-ау өмір, бір күн-ай.
Тау өзені құрдымға құйылғандай,
Жоқ боласың, сұм өмір жел соққандай.
Шалқып жатқан жас күнде жалындайсың,
Асау тайдай жұлқынып, арындайсың,
Жақсылық пен жамандық келседағы,
Жайыңды айтып, ешкімге жалынбайсың,
Жастық дәуір қайдасың, қайран заман?
Жас күндегі тайлақтай тайраңдаған,
Бала күнгі кездерің елестейді-ау,
Кедейлік пен кемшілік ойламаған.
1959